БЕКІТЕМІН
Ғылыми кеңестің төрағасы
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің ректоры
э.ғ.д., профессор Аймағамбетов Е.Б.
Ғылыми кеңес отырысында қаралып, талқыланды «__» қыркүйек 2023 ж.
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің ректоры
э.ғ.д., профессор Аймағамбетов Е.Б.
Ғылыми кеңес отырысында қаралып, талқыланды «__» қыркүйек 2023 ж.
Студенттің ар-намыс кодексі
Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті - К-03-2023
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің (бұдан әрі – Университет) және Экономика, бизнес және
құқық
колледжінің (бұдан әрі – Колледж) студенттері жоғары білім беру жүйесінің басты мақсаты –
дүниетанымдық әлеуеті бар, шығармашылық ойлау қабілеті қалыптасқан, мамандығы бойынша тұрақты
құзыреттерді меңгерген кәсіби және мәдени бағдарланған тұлғаны даярлау ісіндегі жауапкершілігін
сезіне отырып, сондай-ақ корпоративтік басқару қағидаттарын нығайту мен дамытуды өздерінің
міндеті
деп санап, осы Студенттің ар-намыс кодексін қабылдайды және оны бұлжытпай орындауға
міндеттенеді.
- Университет пен Колледж студенті Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға, таңдаған мамандығы бойынша кәсіби маман атануға және шығармашыл тұлғаның үздік қасиеттерін дамытуға ұмтылады.
- Университет пен Колледж студенті оқу үдерісіне және білімді бақылаудың барлық түрлеріне адал қарайды, қабылданған оқу стандарттарын сақтайды.
-
Студент академиялық адалдыққа қайшы келетін барлық әрекеттермен күресуді өзінің міндеті деп
санайды, олардың қатарында:
- білімді бақылау рәсімдері кезінде көшіру және басқа адамдардың көмегіне жүгіну;
- кез келген көлемдегі дайын оқу материалдарын (рефераттар, курстық жұмыстар, бақылау жұмыстары, дипломдық жұмыстар және басқа да жұмыстар), соның ішінде интернет-ресурстар материалдарын, өзінің еңбегінің нәтижесі ретінде ұсыну;
- жоғары баға алу мақсатында туыстық немесе қызметтік байланыстарды пайдалану;
- себепсіз сабақтан қалу, кешігу және оқу сабақтарын босату;
- сабақ барысында ұялы телефонды, музыка тыңдауға, жеке хат алмасуға немесе компьютерлік ойындарға арналған басқа техникалық құралдарды пайдалану.
- Университет пен Колледж студенті университет аумағында немесе университет пен Колледж атынан өткізілетін іс-шараларда саяси әдептілік қағидаларын сақтауға міндетті.
- Университет пен Колледж студенті басқа студенттермен қарым-қатынаста студенттік этика нормалары мен іскерлік мінез-құлық қағидаларын сақтайды.
- Студент басқа халықтардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне төзімділік пен құрмет көрсетеді, әртүрлі этностық, әлеуметтік топтар мен діни конфессиялардың мәдени және өзге де ерекшеліктерін ескереді.
- Студент киімінде, мінез-құлқында және ой-пікірінде ұқыпты болуға, зайырлы және жалпы қабылданған іскерлік этикет ережелерін, оның ішінде оқу орны қабырғасында киім кию және бас киім тағу мәдениетін сақтауға міндетті.
- Университет пен Колледж студенті жатақханада тұрған кезде тату көршілік ахуалды сақтап, басқа тұрғындармен және әкімшілікпен жанжалдарға жол бермейді.
- Университет пен Колледж студенті оқытушылармен, қызметкерлермен және университет әкімшілігі өкілдерімен қарым-қатынаста сыпайылық танытады, оларға қатысты еркін әрі орынсыз қарым-қатынас жасауға жол бермейді және дөрекілік пен әдепсіздіктен аулақ болады.
- Университет пен Колледж студентіне балағат сөздер мен жеке тұлғаны қорлайтын лексиканы қолдануға тыйым салынады.
- Университет пен Колледж студенті жоғары академиялық мәдениетті, сенім мен өзара құрмет атмосферасын қолдауға қамқорлық жасайды, туындаған жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге ұмтылады және басқа студенттерге қатысты күш қолдануға жол бермейді.
- Университет пен Колледж студенті студенттік қауымдастықтың беделіне немесе университет пен Колледждің абыройына нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерден аулақ болады.
- Университет пен Колледж студенті салауатты өмір салтын ұстанады және зиянды әдеттерден (насвай пайдалану, темекі шегу, электронды темекілер/вейптер (IQOS, glo, Juul және т.б.), кальян пайдалану) университет пен Колледж аумағында да, одан тыс жерде де толықтай бас тартады.
- Университет пен Колледж студенті оқу орнының дәстүрлерін құрметтейді, оның мүлкіне ұқыпты қарайды, студенттік үйдегі тазалық пен тәртіпті сақтайды.
- Университет пен Колледж студенті студенттік өзін-өзі басқару жүйесін нығайтуға, студенттердің ғылыми-білім беру, спорттық, шығармашылық белсенділігін дамытуға, корпоративтік мәдениет пен оқу орнының имиджін арттыруға бағытталған кез келген қызметті қажетті әрі пайдалы деп санайды.
- Факультеттер мен Колледждегі студенттік өзін-өзі басқару органдары осы Кодекс ережелерін бұзушыларға өз қалауы бойынша моральдық ықпал ету шараларын қолдануға құқылы: жария түрде сөгіс беру, студенттік өзін-өзі басқару қызметіне қатысу құқығынан уақытша айыру. Мұндай шараларды қолдану мәселесін студенттік өзін-өзі басқару органдары дербес шешеді.
Осы Кодекстің нормаларын қабылдай отырып, біз оларды бұзу Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті
мен
Экономика, бизнес және құқық колледжі студентінің абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан
келтіретінін
толық түсінеміз.