Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның қауіпсіздігіне жүйелі қауіп төндіреді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті барлық мемлекеттік органдар жүзеге асыруға міндетті.
Пара!!
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі параға байланысты екі түрлі қылмысты қарастырады:
- пара алу (311-бап);
- пара беру (312-бап).
Бұл — бір қылмыстың екі жағы: егер пара туралы сөз болса, онда параны алатын адам (пара алушы) және оны беретін адам (пара беруші) бар дегенді білдіреді.
Пара алу
Лауазымдық қылмыстардың ішіндегі ең қауіптілерінің бірі, әсіресе ол адамдар тобы арқылы немесе қорқытып алу (бопсалау) арқылы жасалса. Бұл лауазымды адамның заңды немесе заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін қандай да бір артықшылықтар мен пайда алуы болып табылады.
Пара беру
Лауазымды адамды заңды немесе заңсыз әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасауға итермелеуге, не болмаса пара берушінің пайдасына қандай да бір артықшылықтар беруге, соның ішінде қызмет бойынша жалпы қамқорлық немесе жол беру үшін бағытталған қылмыс.
Параға мыналар жатады:
- Заттар - ақша, соның ішінде валюта, банк чектері және бағалы қағаздар, асыл металдар мен тастардан жасалған бұйымдар, автокөліктер, азық-түлік, бейнетехника, тұрмыстық құрылғылар және басқа да тауарлар, пәтерлер, саяжайлар, коттедждер, гараждар, жер телімдері және өзге де жылжымайтын мүлік.
- Қызметтер мен жеңілдіктер - емделу, жөндеу және құрылыс жұмыстары, санаторийлік және туристік жолдамалар, шетелге сапарлар, ойын-сауық және басқа да шығындарды өтеусіз немесе төмендетілген бағамен төлеу.
- Жасырын пара түрі - банктік қарыз немесе жалған қарызды өтеу ретінде рәсімдеу, тауарларды төмен бағамен сатып алу, тауарларды жоғары бағамен өткізу, жалған еңбек шарттарын жасасу және жалақыны пара алушыға, оның туыстарына немесе достарына төлеу, жеңілдетілген несие беру, лекциялар, мақалалар және кітаптар үшін гонорарды негізсіз көтеру, казинода «кездейсоқ» ұтыс, жалдау ақысын төмендету, несие пайыздық мөлшерлемелерін негізсіз өзгерту және т.б.
Кім пара алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін?
Пара алушы ретінде лауазымды адам — мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға, сондай-ақ оған теңестірілген тұлға танылады.
Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар — Қазақстан Республикасының Конституциясымен, конституциялық және өзге де заңдарымен мемлекеттік функцияларды тікелей орындау және мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін белгіленген лауазымдарды атқаратын тұлғалар.