07211300
Тамақ өнімдерін өндіру технологиясы
Біліктіліктер:
Техник-технолог
Қолданбалы бакалавр
Қолданбалы бакалавр
Оқу мерзімі:
3 жыл 10 ай (9-сынып базасында)
2 жыл 10 ай (11-сынып базасында)
2 жыл 10 ай (11-сынып базасында)
Оқыту формасы және серіктестер:
Күндізгі оқу түрі. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары
Технолог деген кім?
Бұл тағам өнімдерін әзірлеу, өндіру және сапасын бақылаумен айналысатын маман. Ол кез келген мекемедегі тағамның дәмі, қауіпсіздігі және сапасына жауап береді.
Артықшылықтары: жоғары сұраныс, тұрақты табыс және өндірістегі беделді мамандық.
Технолог немен айналысады?
- Өндірісті ұйымдастыру және персоналды оқыту;
- Мәзір мен жаңа рецептураларды әзірлеу;
- Шикізат пен дайын өнім сапасын бақылау;
- Жаңа технологияларды енгізу;
- Технологиялық карталарды жасау және калорияны есептеу;
- Санитарлық нормалардың сақталуын бақылау;
- Өндірісті уақтылы жабдықтау;
- Қоғамдық тамақтану саласындағы жаңа үрдістерді зерттеу.
Біздің түлектер қайда жұмыс істей алады?
Сізге түрлі саладағы кәсіпорындарда жұмыс істеу мүмкіндігі ашылады:
- Мейрамханалар, кафелер, барлар;
- Кондитерлік және наубайхана кәсіпорындары;
- Сүт және ет комбинаттары;
- Балық өңдеу зауыттары;
- Дайындау фабрикалары;
- Кейтеринг қызметтері.