04140100
Маркетинг
(салалар бойынша)
Біліктілігі:
Маркетолог (0513053)
Күндізгі және сырттай оқу формалары:
2 ж. 10 ай (9 сынып базасында)
1 ж. 10 ай (11 сынып базасында)
1 ж. 10 ай (11 сынып базасында)
Оқыту тілі:
Қазақ, орыс
Мамандық туралы
Маркетолог – сұранысты талдайтын және сатып алушылардың қажеттіліктерін зерттейтін стратег. Ол нарықты зерттеп, өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің болашағын анықтайды.
КЭБП-де маркетологтарды даярлау 2002 жылдан бастап сәтті жүргізіліп келеді.
Нені үйренесіз?
Студенттер экономика, бизнес және ілгерілету салаларында кешенді білім алады:
- Жарнама және логистикалық қызметті ұйымдастыру;
- Кәсіпорын экономикасы және тауартану;
- Сауда кәсіпорындарының техникалық жабдықталуы;
- Маркетингтің құқықтық реттелуі;
- Персоналды басқару және қарым-қатынас психологиясы;
- Маркетингтегі ақпараттық технологиялар.
Біздің түлектер қайда жұмыс істейді?
- Мамандандырылған маркетингтік агенттіктер;
- Ірі жарнама компаниялары және PR-бөлімдер;
- Кез келген ұйымдардың маркетингтік және коммерциялық бөлімдері;
- Логистика, өткізу және тауар нарықтарын басқару саласы;
- Маркетинг директоры лауазымына дейін өсу мүмкіндігі!