«KAZENERGY» есебінен оқуға байқау
«KAZENERGY» қауымдастығы Қарағанды Экономика, Бизнес және Құқық колледжінде 2026–2027 оқу жылына арналған білім беру гранттарын алу үшін өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлайды.
Грант оқу ақысын 100% жабады және дарынды жастарды қолдауға бағытталған.
Кімдер қатыса алады:
- 9 және 11 сынып түлектері.
- Аттестат бойынша жоғары балл жинаған үміткерлер.
- Әр түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен байқаулар жеңімпаздары.
- Әлеуметтік осал топ өкілдері (жетім балалар, көпбалалы отбасылар және т.б.) тең балл жағдайында басым құқыққа ие.
Байқау кезеңдері:
1 ақпан: KAZENERGY ресми сайтында электрондық өтінімдерді
қабылдаудың басталуы.
Наурыз–сәуір: Өтінімдерді конкурстық комиссияның қарауы.
Мамыр: Жеңімпаздар тізімін жариялау.
Өтінім беріп, тегін әрі сапалы білім алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!