Заң пәндерінің пәндік-циклдік комиссиясы
- Заң пәндерінің пәндік-циклдік комиссиясы (ПЦК) 2007 жылдан бастап мемлекеттік лицензияға сәйкес күндізгі оқу нысаны бойынша келесі мамандықтар бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады: 0201000 – «Құқықтану», 0501000 – «Әлеуметтік жұмыс», 04210100 – «Құқықтану», 09230100 – «Әлеуметтік жұмыс». ПЦК құрамында жоғары және бірінші санатты оқытушылар, заң ғылымдарының магистрлері, құқық қорғау органдары мен сот жүйесі саласынан шақырылған тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. 2018 жылдың қазан айында заң пәндерінің ПЦК 0201000 «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша (біліктілігі: 020102 3 Заң кеңесшісі) Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттікте мамандандырылған аккредиттеуден өтті. Аккредиттеу куәлігі 10.12.2018 ж. беріліп, 08.12.2023 ж. дейін жарамды болды. ПЦК әдістемелік мәселесі: «Колледждің білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды зерттеу және қолдану». ПЦК мақсаттары мен міндеттері: -Мамандықтар бойынша оқу пәндерін оқу-бағдарламалық және оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету; -Жалпы және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру; -Педагог қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру; -Білім беру үдерісінде инновациялық педагогикалық және ақпараттық технологияларды жүзеге асыру. ПЦК ғылыми қызметінің бағыттары: -Білім алушылардың зерттеу қызметін дамыту; -Әр түрлі деңгейдегі әдістемелік іс-шаралар мен конкурстарға қатысу үшін құжаттар дайындау; -Оқытудың жаңа технологияларына көшу, жаңа әдістемелермен танысу, озық педагогикалық тәжірибені зерделеу. ПЦК оқытушылары жыл сайын түрлі деңгейдегі жинақтарда, ғылыми-әдістемелік журналдар мен газеттерде мақалалар жариялайды. ПЦК оқытушыларының құрамы: Комиссияда 12 оқытушы оқу-әдістемелік қызметпен айналысады. Әкімшілік лауазымдағы оқытушылар: Кунева Ж.С. – Бизнес және басқару бөлімінің меңгерушісі, Маханова А.М. – Экономика және технологиялар бөлімінің меңгерушісі. 8 оқытушы заң ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесіне ие: Әбілдина А.С., Айткалиева Б.Р., Омирбаева А.О., Ефименко О.В., Кунева Ж.С., Жумашева А.Б., Тусупова Н.?., Шыныбекова Б.С. Арнайы пәндер бойынша бірінші санатты педагог – Айткалиева Б.Р. Жоғары санатты оқытушылар: Ахметова А.М., Әбілдина А.С., Ефименко О.В., Кунева Ж.С., Омирбаева А.О., Жумашева А.Б., Макеева Ю.В. Заң пәндерінің ПЦК бекітілген оқу пәндерінің тізбесі: -Мемлекет және құқық теориясының негіздері; -Құқық қорғау органдары; -Конституциялық құқық; -Экологиялық құқық; -Қаржы және салық құқығының негіздері; -Азаматтық құқық; -Қылмыстық құқық; -Әкімшілік құқық; -Еңбек құқығы және әлеуметтік қорғау құқығы; -Азаматтық іс жүргізу құқығы; -Қылмыстық іс жүргізу құқығы; -Нотариат; -Кәсіпкерлік құқық; -Банк құқығы; -Кадр менеджменті; -Заң қызметін ұйымдастыру; -Құқық негіздері; -Кәсіби қызметті құқықтық реттеу; -Адвокаттық қызмет; -Әлеуметтік жұмысты құқықтық қамтамасыз ету.
Заң пәндерінің ПЦК кадрлық құрамы
Заң пәндерінің П(Ц)К төрайымы
Омирбаева Аймангуль Омирзаховна
Экономика және технологиялар бөлімінің меңгерушісі.
Арнайы пәндер оқытушысы
Арнайы пәндер оқытушысы
Айтқалиева Балауса Рамазанқызы
Арнайы пәндер оқытушысы
Әбілдина Ақбөпе Сағындыққызы
Арнайы пәндер оқытушысы
Дюсембенова Гульшара Жумахановна
Арнайы пәндер оқытушысы
Дьякова Светлана Викторовна
Арнайы пәндер оқытушысы
Ефименко Ольга Викторовна
Арнайы пәндер оқытушысы
Жумашева Арманай Бериковна
Арнайы пәндер оқытушысы
Макеева Юлия Витальевна
Арнайы пәндер оқытушысы
Шыныбекова Балдырган Сериковна
Бизнес және басқару бөлімінің меңгерушісі.
Арнайы пәндер оқытушысы
Арнайы пәндер оқытушысы
Байжанова Бибигуль Мейрамовна